Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" "Атыраудан" алты жылдан бері жеңілген жоқ

Бүгін, 5 сәуірде "Қайсар" өз алаңында "Атыраумен" кездеседі. Бұл қос ұжымның ел біріншілігіндегі 25-ші жекпе-жегі саналады. 

 

Қазірге дейін екі команда 24 мәрте шеберлік байқасқан. Оның 8 ойынында "Қайсардың" қанжығасы майланса, 7 кездесуде тең нәтиже тіркеліп, 9 ойында "Атырау" 3 ұпайды олжалап кетті. Қызылордада өткен соңғы 12 кездесуде алаң иелері 5 мәрте басым түссе, 2 ойында жеңімпаз анықталған жоқ. Ал "Атырау" 2002, 2003 жылдардағы Қызылордадағы 2 кездесуде мықтылығын дәлелдеп кетті. 2003 жылдан бергі 9 ойында "Қайсар" 5 мәрте жеңіске жетіп, 4 рет тең түсті. Қуанарлығы, екі команда арасындағы соңғы 8 ойында "Қайсар" 7 жеңістің жалауын желбіретсе, 1 ойында ғана "Атырауға" есе жіберіп қойды. "Атырауды" соңғы рет "Қайсарды" 2009 жылы тізе бүктірген еді. 
2014 жылғы екі команда арасындағы кездесулер нәтижелері: «Қайсар» — «Атырау» 2:1 (Хунт-2 – Пархачёв). «Атырау» — «Қайсар» 1:3 (Трифунович – Хунт-2, Кулибали). 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: