РИОДА АУЫР АТЛЕТТЕРІМІЗДІҢ ЖАРЫСҚА ШЫҒАТЫН КҮНДЕРІ БЕЛГІЛІ БОЛДЫ
Рио олимпиадасында ауыр атлеттеріміздің жарысқа шығатын күндері белгілі болды, деп хабарлайды ҚазАқпарат.
Риода қазақ ауыр атлеттерінен ең бірінші болып, 6 тамыз күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 7 тамыз таңғы сағат 04:00) әйелдер арасындағы бәсекеде 48 келідегі қызымыз М. Елисеева өнер көрсетеді.
Ал жарыстың екінші күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 8 тамыз таңғы сағат 04:00) ерлер арасында 56 келі салмақтағы легионеріміз А. Чонтей ел намысын қорғайды.
Тамыздың 8-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 9 тамыз таңғы сағат 04:00) тағы бір легионер, ауыр атлетіміз 62 келі салмақтағы Ф. Харкидің зілтемірді қалай көтергенін көретін боламыз.
Тамыздың 9-ы күні сағат 15:30-да (Астана уақыты бойынша 10 тамыз сағат 00:30) 63 келі салмақтағы ауыр атлет қызымыз Л. Горичеваның өнерін тамашалаймыз.
Тамыздың 10-ы күні 15:30-да (Астана уақыты бойынша 11 тамыз сағат 00:30) қазақтың қаракөз қызы Ж. Жаппарқұл 69 келі салмақта ел намысын қорғайды. Осы күні кешкі сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 11 тамыз таңғы сағат 04:00) 77 келіде ерлер арасында Н. Рахимов сынға түседі.
Тамыздың 12-і күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 13 тамыз таңғы сағат 04:00) ерлер арасында 85 келі салмақта Д. Ұланов өз өнерін пәш етеді.
Ауыр атлеттеріміздің бәсекесі үш күн үзілістен кейін, яғни тамыздың 15-і күні қайта жалғасады. Бұл күні сағат 19:00-де (Астана уақыты бойынша 16 тамыз таңғы сағат 04:00) +105 келі салмақтағы зілтеміршіміз қызылордалық А. Зайчиков ел намысын қорғайды.