"Қайрат" футбол клубы қазақстандық жас жартылай қорғаушы Ян Вороговскиймен келісім-шартқа отырды. Бұл жөнінде алматылық клубтың ресми сайты хабарлады.
Я.Вороговский Алматы футболының түлегі. Тұсаукесер ойынын 2013 жылы өткізді. Жартылай қорғаушы алдымен Талғардың "Ақбұлақ" командасымен келісім-шартқа отырып, онда бірінші лиганың 18 ойынында қарсыластар қақпасына 2 доп соқты. 2014 жылы "Жетісу-Сұңқарға" ауысып, бұл клубта 19 кездесуде 2 голдың авторы атанды.
Үстіміздегі жылы ол Қызылорданың "Қайсар" командасында ойын көрсетті. Бұл футболшы қызылордалық ұжымда жас ойыншыға арналған лимит бойынша 24 матчта жасыл алаңға шықты. Соның нәтижесінде 1 мәрте қарсыластар қақпасын дәл көздеді. Ян Вороговский мен "Қайрат" бес жылға келісім-шартқа отырды.