«Қайсар» футбол клубының жастар құрамы Шымкенттегі оқу-жаттығу жиынын аяқтап, Қызылордаға оралды.
Жиын барысында Қанат Шерімбетов шәкірттері үш жолдастық кездесу өткізді. Алдымен «Ордабасыныңі» фарм-клубына қарсы тұрып, 1:1 есебімен тең түссе, одан кейін «Тараздың» жастарымен 2:2 нәтижесімен тең тарқасты. Үшінші ойында «Ордабасының» дублімен кездескен қызылордалықтар бұл жолы қарсыластарын 3:1 есебімен тізе бүктірді.
Қанат Шерімбетов, «Қайсар» ФК дубльдік командасының аға бапкері:
- Өте жемісті жиын болды. Күніне екі реттен жаттығу жасап, үш жолдастық кездесу өткіздік. Екеуінде тең түсіп, біреуінде жеңіске жеттік. Өзіміздің кемшін тұстарымызды да қойынкітабымызға түртіп алдық. Енді сол бойынша жұмыс жасайтын боламыз. Жалпы, бізде қазір команда құрамын жасартуға үлкен көңіл бөлініп жатыр. Мәселен, команда ойыншыларының жетеуі 1997 жылғы жеткіншектер болса, тағы жетеуі 1996 жылғы жасөспірімдер.