Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Жаңақорған спортты дамытудан үздік атанды

Жаңақорған спортты дамытудан үздік атандыҮстіміздегі жылдың 4 ақпан күні Астана қаласында «Жыл спортшысы - 2014» республикалық байқауының жеңімпаздарын марапаттау  шарасы өтті. ҚР  Мәдениет және спорт министрлігінің 2014 жылдың қорытындысымен, 10 номинация бойынша спорт саласындағы үздіктерді марапаттады. 
Оның ішінде 2 номинацияны қызылордалықтар иеленді. Атап айтсақ,  ауыр атлетикадан ҚР еңбек сіңірген спорт шебері, 4 дүркін Әлем чемпионы, 2 дүркін Олимпиада чемпионы Илья Ильин «Жылдың үздік спортшысы» номинациясына ие болса, республика бойынша «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясын Қызылорда облысы,  Жаңақорған  аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі жеңіп алды. Айта кетейік, 2013 жылдың қорытындысында «Үздік аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі» номинациясын Қармақшы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі еншілеген болатын. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: