Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Төреғали Төреәлі «Қайсар» ойыншыларына қолдау білдірді

Эстрада жұлдызы, жерлесіміз Төреғали Төреәлі "Қайсар" футбол клубының  ойыншыларымен кездесті. Мәдениеттегі мақтанышымыз футболшыларға мотивациялық жылы сөздерін арнап алдағы ойындарға сәттілік тіледі. 
- Тамыры терең, тарихы кенен "Қайсардың" доп додасындағы жетістігі жетерлік.  Еуропа лигасында өнер көрсеткен сәтінде көзімізбен көрдік. Биылғы біріншілікте сәттілік серік болмай жатқан сыңайлы. Спорт - жеңіс пен жеңілістен тұрады. Сондықтан сәтсіздіктерден сағымыз сынбасын. Қасқырлардың еңсесі әрдайым тік болсын. Қайда жүрсек те "Қайсарды" қолдауға әркез дайынмын, - деді Төреғали.
Клуб ұжымы алыс сапардан арнайы келген Төреғали Төреәліге өнердегі мансабына сәттілік тілеп, өзінің сүйікті таңбасы көрсетілген жейдені естелікке ұсынды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: