Бокстан Қазақстанның үш дүркін чемпионы, «Астана арландары» клубының мүшесі Алмат Серімов допингпен ұсталды. Бұл туралы Қазақстан бокс федерациясы хабарлайды.
Қазақстанның ұлттық антидопингтік орталығының тәртіптік кеңесі Бүкіләлемдік бокс сериясының допингке байланысты ережесін бұзғаны үшін боксшыны екі жылға спорттан шеттетіп отыр. Алмат, алдағы екі жылда Қазақстан чемпионаты, аймақтық, құрлық, әлемдік жарыстардың ешбіріне қатыса алмайтын бо
Биылғы жылы «Астана арландарының» мүшесі атанған боксшымен клуб келісімшартты 27 желтоқсанда үзуге мәжбүр болған.