Республикалық Sports.kz хабарлауынша "Қайсардың" бас бапкері Дмитрий Огай командадағы қызметін жалғастырады.
Бас бапкер футболдан Премьер-лига командлалары арасындағы Қазақстан біріншілігінің 12 турындағы "Қайсардың" өз алаңында "Оқжетпестен" 0:2 есебімен жеңілгенінен кейін қызметінен кету жөнінде шешім қабылдаған. Дегенмен, облыс басшылығы оған сенім артатынын білдіріп, қызметін жалғастыруға мүмкіндік берді.
Естеріңізге сала кетелік, 12 турдан кейін "Қайсар" 12 ұпай жинап, турнир кестесінде тоғызыншы орында келеді.