Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Жағажай футболының 2015 жылғы күнтізбелік жоспары бекітілді

Қазақстан футбол федерациясының Алматы қаласындағы өкілдігінде әуесқой командалар арасында жағажай футболынан ҚР чемпионаты, Кубогы және Суперкубогын ұйымдастыру бойынша жиын өтті.  Бұл жөнінде Қазақстан футбол федерациясының баспасөз қызметі хабарлады.

 

Жағажай футболының 2015 жылғы күнтізбелік жоспары бекітілді

 

Аталған шараларды өткізу мерзімі, құрылымы және орны жөнінде сұрақтар талқыланды. Жиынға Астана, Павлодар, Шымкент, Ақтөбе, Аягөз, Қапшағай қалаларының өкілдері, сонымен қатар, ҚФФ Алматы қаласындағы өкілдіктің директоры Виктор Катков қатысты. 
Жоғарыда аталған қалалардың өкілдері мен бұқаралық және жағажай футболы бөлімінің жетекшілері жағажай футболының 2015 жылғы  күнтізбелік жоспарын бекітті.   
Күнтізбеге сәйкес, қазақстандық футболшылар маусымды 29-31 мамырда Қапшағайда өтетін Қазақстан Суперкубогымен бастайды.
Ал, Қазақстан чемпионатының  бірінші туры 9-12 маусымда өтеді. Қапшағай алғашқы турдан бөлек, 22-25 маусым және 4-8 тамызға белгіленген біріншіліктің екінші және төртінші турын қабылдайды. Ал, үшінші тур 14-17 шілде аралығында Павлодар қаласында өтеді.
Сондай-ақ, Қазақстан Кубогын 28-31 тамызда Қапшағайда өткізу жоспарланған. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: