Оңтүстік Қазақстан облысының орталығы – Шымкент қаласында теннистен «Қызғылт сары доп» республикалық турнирі өткізілді.
Олардың арасында жерлестеріміз, ұлдар арасында Бекжігіт Минаж күміс жүлдені иеленсе, қыздар арасында Жібек Әмірәлиева қола жүлдеге қол жеткізді. Қос спортшыны жарысқа Ерлан Өмірзақов пен Рүстем Әбдиев дайындады.
Аталмыш жарысқа Шымкент, Ақтөбе, Жамбыл, Өскемен және Қызылорда облыстарынан 8-10 жас аралығында ұлдар мен қыздар шеберлік байқасты.