Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Футболдан Еуро-2016 бәсекесінің добы таныстырылды

Футболдан Еуро-2016 бәсекесінің добы таныстырылдыФранция құрамасы сапында әлем және Еуропа чемпионы болған әйгілі футболшы Зинедин Зидан Еуро-2016 финалдық кезеңінде ойналатын допты жанкүйерге таныстырды. Аталмыш доп Beau Jeu («Әдемі ойын») атауға ие болды.
Кәріқұрлықтағы дүбірлі бәсекенің финалдық кезеңі 2016 жылдың 10 маусым-10 шілде аралығында Францияда өткізіледі. Оған турнир тарихында тұңғыш рет 24 команда қатысады. Бүгінгі күнге дейін оған қатысатын 20 құрама белгілі болып отыр. Олардың қатарында алаң иелері – Франциядан өзге 
Испания, Германия, Англия, Португалия, Бельгия, Италия, Ресей, Швейцария, Австрия, Хорватия, Чехия, Польша, Румыния, Словакия, Түркия, Исландия, Уэльс, Албания, Солтүстік Ирландия бар. Ал Норвегия мен Венгрия, Босния және Грецоговина мен Ирландия, Украина мен Словения, Швеция мен Дания құрамалары қалған төрт жолдамаға өзара таласқа түседі.  

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: