Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Теңге ілу мен қыз қуу сайыстары аяқталды

Теңге ілу мен қыз қуу сайыстары аяқталдыҰлттық спорт түрлерінен республикалық фестивальдің бағдарламасы бойынша теңге ілу мен қыз қуу сайыстары аяқталды.
Қызылордада Қазақ хандығының 550 жылдығына және Қазақстан халқы Ассамблеясының 20 жылдығына арналған Ұлттық спорт түрлерінен 4-ші республикалық фестивальдің бағдарламасы бойынша теңге ілу мен қыз қуу ойындарының нәтижелері белгілі болды. 
Теңге ілуден 20 ұпаймен Ақтөбе облысының командасы бірінші орынды жеңіп алды. Екінші орында 18 ұпаймен Қызылорда облысы, ал үшінші орын 16 ұпаймен Батыс Қазақстан облысының командасына бұйырды. Қыз қуудан Қостанай облысы озық шықса, Оңтүстік Қазақстан облысы күміс жүлдені, Атырау және Жамбыл облыстары қола жүлдені еншіледі. 
Ал көкпар сайысы әлі жүріп жатыр. Ақтық финал 20 қазан күні өтеді. Жамбы ату, аударыспақ, тоғызқұмалақ, жекпе-жек, асық атудан жарыстар бүгін басталды.
Айта кетейік, фестиваль бағдарламасы бойынша ат спорты ойындары үстіміздегі жылдың қыркүйек айында жаңадан пайдалануға берілген ипподромда өтуде.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: