Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Байқоңыр" түзде "Лашыннан" жеңілді

"Байқоңыр" түзде "Лашыннан" жеңілдіҚазақстан Бірінші лигасының 6-туры аясында Қаратаудың «Лашын» командасымен кездескен Қызылорданың «Байқоңыр» футбол клубы 0:1 есебімен жеңіліп қалды.
Лашын (Қаратау) – Байқоңыр (Қызылорда) 1:0
Голдар: Көшеков, 48-автогол.
Ескертулер: Холмирзаев 16, Хамытбеков 90 - Төлегенұлы 82
Лашын: Мамытбеков (к), Бунтов, Қабылбеков, Нүсіпжанов, Жақсыбеков, Сәрсекбаев (Қадыров 89), Холмирзаев (Жиембетов 23, Жеңісұлы 87), Кваша, Қарпық, Есімханов, Ешенқұл (Бабышев 90+1) 
Резерв: Ягофаров, Арынтаев, Болатқұлов
Байқоңыр: Таңатканов, Төлегенұлы, Көшеков, Алтаев, Дүйсенбаев, Төлегенов, Тілеуқабылов, Қарабек (к), Б.Исмаилов, Бекбанов (Ыбыраев 44), Дүйсембаев (Н.Дастанов 50) 
Резерв: Исламкулов, Б.Дастанов, Пахаев, Рахметов, Кемалұлы
Төрешілер: Омаров (Алматы), Жүнісов (Астана), Вилимзонов (Өскемен)
16 мамыр. Тараз. "Ұлан" стадионы. 300 көрермен.
Тараз қаласының «Ұлан» стадионында өткен ойынды Ерлан Шойтымов шәкірттері тәп-тәуір бастаған. Тіпті, Асқат Қарабек пен Бағдат Исмаилов бастап, алаң иелерінің қақпашысының біраз састырды. Бірақ, бұл жолы да қарсылас қақпасынан саңылау таба алмай, екінші таймда қақпаларына гол жіберіп алды. «Лашындық» ойыншы тепкен доп жерлесіміз Сүйіндік Көшековке тиіп кетіп, қорғаушымыз автоголдың авторы атанды.
Енді «Байқоңыр» келесі кездесуін 24 мамыр күні Қызылорданың «Локомотив» стадионында Өскеменнің «Востогына» қарсы өткізеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: