Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Аралдық спортшылар ел біріншілігінен жүлделі қайтты

Биылғы жылдың  2-7 маусым  күндері  аралығында Нұр-Сұлтан қаласында таеквондодан балалар арасында Қазақстан Республикасының чемпионаты өткен болатын. 
Чемпионатқа өңірімізден №19 Арал ауданының олимпиадалық резервтің мамандандырылған балалар-жасөспірімдер мектебінің 10 спортшысы қатысып, шеберліктерін сынға салды. Жарыс қорытындысымен спорт мектебінің тәрбиеленушілері Бақыт Нұрайым, Жалғасова Сабина, Темірхан Еркебұлан , Әзберген Айзере жүлделі  І орынды иеленіп, жеңімпаз атанды.
Сонымен қатар Серік Шынәли мен Аханов Нұриман жүлделі ІІ орынды иеленсе,  Іздібай Санжар ІІІ орыннан көрінді.
Ал, Торғай Бейбарыс, Төлеміс Дінмұхаммед, Бақыт Нұриман жеңіске деген жігері үшін арнайы кубоктармен марапатталды.
Атап өту қажет, республикамыздың 14 облысы мен республикалық маңызы бар 3 қаласынан 1200-ге жуық спортшы қатысқан ҚР-ның чемпионатында Сыр елі командалық есеппен алғашқы орынға шықты. Командалық жеңіске аралдық балалардың қосқан үлес салмағы басым түсті.  
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: