Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Жалағашта ардагерлер спартакиадасы өткізілді

Жалағашта ардагерлер спартакиадасы өткізілдіЖыл сайын аталмыш спартакиада аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі мен аудандық ардагерлер кеңесінің ұйымдастыруымен өткізіліп келеді. 2015 жылдың тамыз айында «Ардагерлер спартакиадасы» ұйымдастырылды.
Орталық стадионға жиналған кент және ауылдық округтерден ардагерлер және білім, медицина салалары бойынша 14 ардагерлер командасы өзара бақ сынады. Шара ардагерлер спортының дамуына ықпал ету, саламатты өмiр салтына тарту мақсатында өткiзiліп, спартакиадаға қатысушылар алдында сөз сөйлеген Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Ж.Тажмаханов, «Аудандық ардагерлер кеңесі» қоғамдық бірлестігінің төрағасы С.Әлиевтер қатысушы ардагерлерге алғыстарын білдіріп, спартакиадаға сәттілік тіледі.
Бұл спартакиада 2011 жылдан бастап биыл бесінші рет өткiзiлiп отыр және жалпы қатысушылар саны 122 ардагерге дейін жетті. Спартакиада бағдарламасы бойынша 60 м, 1000 м (әйелдер), 2000 м (ерлер), қол күресі, дартс, арқан тарту, жеңіл атлетикалық эстафета 4х100 м спорт түрлері көрсетілген. Барлық спорт түрлерінен қорытынды есеппен Ақсу ауылдық округі ардагерлер командасы I орынды, II орынды Қаракеткен ауылдық округі ардагерлері иеленіп, III орын білім саласының ардагерлеріне бұйырды.
Жарыс жеңімпаздары арнайы дипломдармен және ақшалай сыйлықтармен марапатталды.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: