Ұлы Жеңістің 71 жылдығына орай қазалылық Кеңес Одағының 5 батыры атындағы жүлде үшін кіші футболдан аудандық ашық турнир өтті.
Турнирге Бозкөл, Бірлік, Басықара ауылдары мен Қазалы қаласынан, кент мектептерінен барлығы 11 команда қатысты. Тартысты өткен ойын нәтижесімен «Намыс» командасы жеңімпаз болып танылды. 2-орынды «Шәкірттер» командасы иеленсе, 3-орын С.Сейфуллин атындағы №165 мектептен құралған командаға бұйырды. Жарыс жеңімпаздары және жүлдегер командаларға мақтау қағаздары, естелік кубоктар мен ақшалай сыйлықтар табысталды.