Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАЛЫҚ АЗИЯ ЧЕМПИОНЫ ЕНДІ ЕРЕСЕКТЕР БӘСЕКЕСІНЕ ҚАТЫСАДЫ

 

Үндістанның Кочи қаласында дзюдодан жастар арасында өткен Азия біріншілігінде чемпион атанған жерлесіміз Жақсыбек Жеңісбек енді ересектер бәсекесінде сынға түсетін болды. Бұл жөнінде спортшының өзі мәлім етті. 
– Ересектер құрамына өткесін жаттығуды бұрынғыдан да күшейту қажет. Екі есе дайындық керек. Бұл тұрғыда алғашқы жарысым осы Қызылорда қаласында қараша айында өтеді. Сол Қазақстан чемпионатында барымды саламын.  Сосын әлем біріншіліктері мен 2020 жылы Токиода өтетін Олимпиадада бағымды сынағым келеді, – деді ол.
Ол ең алғаш жаттығу залының табалдырығын 10 жасымда аттаған. Кейіннен амал-тәсілдерді үйреніп, қыр-сырын меңгеріп, осы спортқа ден қоя бастады. 
Жақсыбек үйдің ортаншысы. Отбасында одан өзге спортпен айналысатындар жоқ. Оның дзюдодан кейінгі сүйікті спорты  – футбол. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: