Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" "Улисспен" тең ойнады

"Қайсар" "Улисспен" тең ойнады Қызылорданың «Қайсары» Түркияда өтіп жатқан үшінші оқу-жаттығу жиыны аясында Арменияның «Улисс» командасымен кездесіп, 0:0 есебімен тең түсті.
Таблода 0:0 есебі тіркелді демесеңіз, екі команда да гол соғатын талай мүмкіндіктер болды. Бірақ екі команданың да қорғаушылары қорғаныста өте сауатты ойнап, қателіктерге бой алдырған жоқ.
Айта кетейік, «Улисс» Армения чемпионатының икүзгі кезеңінен кейін басты бәсекелесі «Пюникті» бір ұпайға артта қалдырып, турнир кестесінде көш бастап келеді.
Ал «Қайсарға» келер болсақ, қызылордалықтар өздерінің келесі жолдастық кездесуін 5 ақпан күні Донецкінің «Металлург» командасына қарсы өткізеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: