Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ИЛЬЯ ИЛЬИН МАРАПАТТАУ РӘСІМІНДЕ ЖАҢА ӘНҰРАНДЫ ҚОЮДЫ ТАЛАП ЕТТІ (ВИДЕО)

 

Кеше түнде екі дүркін Олимпиада, төрт дүркін әлем чемпионы қазақстандық Илья Ильин Грозныйда өтіп жатқан ауыр атлетикадан РФ Президенті Кубогының турнирінде жеңіске жетті. Чемпион құрметіне қойылатын әнұран кезінде ұйымдастырушылар бұрынғы әнұранды қойып жіберді.

Мінбеде тұрған Илья Ильин мұны дереу Шешенстан ауыр атлетика федерациясының президенті Могамед Кадыровқа ескертті. Қадыровтың нұсқауымен қателекті түзеліп, чемпионның құрметіне қайтадан еліміздің мемлекеттік әнұраны қойылды.
Бірінші және екінші орын алған Илья мен Александр әнұран қайта қойылғаннан кейін, бірге шырқады.
Өкінішке қарай, мұндай жағдай бірінші рет қайталанып отырған жоқ. Бұған дейін талай рет осындай келеңсіздікке тап болып жүрміз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: