Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордада гандболдан Қазақстан чемпионаты басталады

Қызылордада  гандболдан Қазақстан чемпионаты басталадыҮстіміздегі жылдың 15-20 қараша аралығында Қызылорда қаласында гандболдан әйелдер арасында (жоғарғы лига) Қазақстан Республикасы XXIIIчемпионатының бесінші айналымы басталады.
Ел чемпионатының соңғы айналымына Астана, Алматы қалалары, Алматы, Қарағанды, Қостанай, Павлодар, Шығыс Қазақстан, Оңтүстік Қазақстан және Қызылорда облыстарынан 10 команда қатысады. 
Жарысты ұйымдастырушылар: ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, ҚР гандбол федерациясы, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы. Жарыс күн сайын сағат 10.00-де басталады. Өтетін орны:  №2 облыстық резервтің мамандандырылған балалар – жасөспірімдер мектебі.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: