Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАЛАҒАШТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ МЕРГЕНДІКТЕН САЙЫСҚА ТҮСТІ

ЖАЛАҒАШТА МЕКТЕП ОҚУШЫЛАРЫ МЕРГЕНДІКТЕН САЙЫСҚА ТҮСТІБүгін Жалағаш ауданы № 202 орта мектепте 9 мамыр Ұлы жеңістің 71 жылдық мерекесіне орай соғыстан оралмаған боздақтар Мылтықбаев Жалғасбай және Төлеков Жолдасбай аталарымызды еске алуға арналған мектеп оқушылары арасында мылтық ату жарысы болып өтті. 
Жыл сайын аталып өтетін турнирде Жалағаш ауданы әкімінің орынбасары Жағыпар Тажмаханов сөз сөйлеп Жеңіс сыйлаған боздақтардың ерліктері мәңгі есте сақталып, жас ұрпаққа берер маңыздылығы мол шара екендігін айта кетті. 
Турнирге аудан бойынша барлық білім беру ұйымдары қатысып, жарыс қорытындысы анықталды 1-орынды №31 орта мектеп, 2-орынды №117 орта мектеп, 3-орынды №32 орта мектептер иеленіп бағалы сыйлықтармен қатар түрлі алғыс хаттармен мараппатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: