Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" мен "Тобыл" жастары тең түсті

 "Қайсар" мен "Тобыл" жастары тең түстіКәсіпқой футбол лигасының 3-тур ойындары өтті. Қызылорданың «Қайсар» командасының қосалқы құрамы «тобылдық» құрдастарын қабылдап, 2:2 есебімен тең түсті.

«Қайсар»-д – «Тобыл»-д 2:2
Голдар: Самат Әлиев, Жандос Қартбай – Тимур Жакупов, Адиль Жаналиев.

Дубльге көмектесуге негізгі құрамнан Думан Нәрзілдаев пен Илья Калинин келіпті. Бас бапкер Қанат Шерімбетов екеуін де негізгі құрамға шығарды. Ал матч қонақтардың тегеурінді шабуылдарымен басталды. Ә дегеннен «Қайсар» қақпасын нысанаға алған қостанайлықтар алаң иелерінің айып алаңын төңіректеумен болды. Дегенмен, жерлестеріміз қаймыққан жоқ. Солтүстік жігіттерінің шабуылдарын шыбын шаққан құрлы көрмеген Сыр футболшылары бастапқыда қарымта шабуылдарға ғана иек артқан болса, уақыт өте келе тізгінді біржола өз қолдарына алды. Алайда алғаш болып гол соққан қонақтар. Қақпашымен жеке-дара шығып кеткен Тимур Жакупов допты Нұрымжан Салайдиннің бойынан асырып жібере салды. Осылайша үзіліске 0:1 есебімен шықтық. Екінші таймда «Қайсар» қарқынын тіптен арттырды. Көп уақыт өткен жоқ, алдымен Самат Әлиев таразы басын теңестірсе, көп ұзамай Жандос Қартбай алаң иелерін алға шығарды. Өкінішке қарай, жеңісті есепті ұстап тұра алмадық. Екінші таймның бел ортасында ойынға қосылған Әділ Жаналиев қақпамыздың дәл тоғыздығын көздеп, қонақтарға бір ұпайды жұлып әперді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: