Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық балуан әлем чемпионатына қатысады

Қызылордалық балуан әлем чемпионатына қатысадыГерманияның Берлин қаласында 1998-1999 жылдары туылған жасөспірімдер арасында өткен дзюдодан Еуропа кубогында жерлесіміз Ақылбек Ердан 55 келіде қола жүлдені иеленді. 40 мемлекеттен мықты спортшылар қатысқан тартысты жарыс бәсекесінде ол Еліміздің намысын абыроймен қорғап, тамыз айында Босния және Герцеговинада болатын Әлем чемпионатына жоладама алды. 
Ол 1998 жылы Жалағаш ауданында дүниеге келген. Ол бұған дейін Қазақстан Республикасы чемпионатының 2 рет күміс жүлдесін иеленген, мектеп оқушылар арасында ҚР спартакиадасының жүлдегері, спорт шеберіне үміткер.
Биылғы жылы ұлттық құрама команда сапына қабылданды. Айта кетерлігі, бұл оның халықаралық жарыстағы алғашқы жетістігі. Жас палуан Ақылбек Ерданның алар асуы алда. Оның өнерін шыңдай түсіп, алдағы уакытта Сыр елінің атын шығарар атақты спортшы болатынына сеніміміз мол. 
Дзюдодан жасөспірімдер құрамасының аға жаттықтырушысы Арман Молдахановтың айтуынша, 5-9 тамыз аралығында Босния және Герцеговинаның Сараево қаласында болатын Әлем чемпионатына Ақылбекпен бірге Жанқожа Марат, Дамир Әбдеков және Сымбат Төрендер еліміздің намысын қорғайтын болады. Жас спортшыларға сәттілік тілейміз.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: