УЕФА-ның вице-президенті Григорий Суркис Ресейде 2018 жылы өтетін футболдан әлем чемпионатына Украина тарапынан бойкот жариялауға ниетті екенін айтты. Бұл жөнінде NBC Sports Associated Press агенттігіне сілтеме жасап хабарлады.
"Қысқаша айтқанда, мен бойкот жариялауды қолдаймын. Украинадағы келеңсіз жағдай салдарынан қаншама адам зардап шегіп отыр. Осыны көрген сәтте жаңағы ойды қостауға тура келеді" дейді ол. Суркистің айтуынша, УЕФА Украинадағы саяси жағдайдың бейбіт жолмен шешілуін қолдайды.
Бұдан бұрын Украина Президенті Петр Порошенко ӘЧ-2018 додасына бойкот жариялау қажеттігін айтып қалған еді. Дегенмен, бұл ұсынысқа ФИФА басшысы Йозеф Блаттер мұндай ұсыныстардың ешқандай нәтиже алып келмейтінін хабарлаған еді.