Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

«Алтын күз» спартакиадасы мәреге жетті

«Алтын күз» спартакиадасы мәреге жеттіСпорттың 15 түрін қамтитын ауыл спортшыларының XXIX «Алтын күз» спартакиадасында аймақтың барлық аудандарының құрама командалары ойын көрсетті.
Бұқаралық спортты дамыту, ауылдық жерлерде салауатты өмір салтын қалыптастырып, спорттың маңызын арттыру мақсатында ұйымдастырылған спартакиадаға 1500-дей ауыл спортшысы қатысты.
Алты күнге созылған жарыс қорытындысына келетін болсақ, жалпыкомандалық есепте Шиелі ауданының командасы - бірінші, Сырдария ауданы – екінші, ал Жаңақорған ауданы – үшінші орынға ие болды.
Спартакиаданың жабылу салтанатында облыстық дене шынықтыру және спорт басқармасының басшысы Садық Мұстафаев аталмыш сайысты қорытындылап, жеңімпаз және жүлдегер командаларды марапаттады. Сондай-ақ, кезекті спартакиада жалауын Шиелі аудандық дене шынықтыру және спорт болиминин басшысы Нариман Сапарбай Қазалы аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Нұрлыбек Есбосыновка табыстады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: