Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

ФИФА «Алтын допқа» үміткерлер тізімін жариялады

ФИФА «Алтын допқа» үміткерлер тізімін жарияладыФИФА франциялық France Football журналымен бірлесіп «Алтын допқа» үміткерлер тізімін және жылдың үздік бапкері жүлдесін айқындады.
Бұл тізімге 2014 жылдың 22 қарашасынан бастап 2015 жылғы 20 қарашаға дейін өздерін барынша үздік көрсеткен ойыншылар мен бапкерлер кірді, деп хабарлайды Қазспорт теларнасы РБК-ға сілтеме жасап.
Жүлде иегерлері дауыс беру арқылы анықталады, оған құрамалардың капитандары мен бас бапкерлері қатысады. Жеңімпаздар 2016 жылғы 1 қаңтарда Цюрихте өтетін рәсімде жарияланады.
«Алтын допқа» үміткерлер тізімі:
Серхио Агуэро (Аргентина, «Манчестер Сити»)
Гарет Бэйл (Уэльс, «Реал»)
Карим Бензема (Франция «Реал»)
Криштиану Роналду (Португалия, «Реал»)
Кевин де Брюйне (Бельгия, «Вольфсбург», «Манчестер Сити»)
Эден Азар (Бельгия, «Челси»)
Златан Ибрагимович (Швеция, «ПСЖ»)
Андрес Иньеста (Испания, «Барселона»)
Тони Кроос (Германия, «Реал»)
Роберт Левандовски (Польша, «Бавария»)
Хавьер Маскерано (Аргентина, «Барселона»)
Лионель Месси (Аргентина, «Барселона»)
Томас Мюллер (Германия, «Бавария»)
Мануэль Нойер (Германия, «Бавария»)
Неймар (Бразилия, «Барселона»)
Поль Погба (Франция, «Ювентус»)
Иван Ракитич (Хорватия, «Барселона»)
Арьен Роббен (Нидерланды, «Бавария»)
Хамес Родригес (Колумбия, «Реал»)
Алексис Санчес (Чили, «Арсенал»)
Луис Суарес (Уругвай, «Барселона»)
Яя Туре (Кот-д'Ивуар, «Манчестер Сити»)
Артуро Видаль (Чили, «Ювентус», «Бавария»)
Жылдың үздік бапкері наградасына үміткерлердің тізімі:
Массимилиано Аллегри (Италия, «Ювентус»)
Карло Анчелотти (Италия, «Реал»)
Лоран Блан (Франция, «ПСЖ»)
Унаи Эмери (Испания, «Севилья»)
Хосеп Гвардиола (Испания, «Бавария»)
Луис Энрике (Испания, «Барселона»)
Жозе Моуринью (Португалия, «Челси»)
Хорхе Сампаоли (Аргентина, Чили құрамасы)
Диего Симеоне (Аргентина, «Атлетико»)
Арсен Венгер (Франция, «Арсенал»)
Дауыс беру 26 қазанда басталып, 20 қарашада жабылады. Егер осы кезге дейін қазылардың кемінде үштен екісі дауыс берсе, дауыс беру тағы бір аптаға созылатын болады.
30 қарашада ФИФА мен France Football веб-шоу уақытында екі номинация бойынша ақтық сынға шыққан үш үміткерді жариялайды. Сондай-ақ, осы шоуда жылдың ең әдемі голын соққан автор алатын Ференц Пушкаш наградасына үміткерлердің есімдері жарияланады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: