Қазақстандық төрешілер Еуропа Лигасында қызмет атқарады
Қазақстандық төрешілер тобы Еуропа Лигасының алғашқы іріктеу кезеңінің қарымта матчтарында қызмет атқарады. Бұл жайында Қазақстан футбол федерациясы баспасөз қызметі хабарлады.
Беларусь елінің Солигорск қаласыен қызылжарлық Александром Гаузер бастаған төрешілер тобы барады. «Шахтер» (Солигорск, Беларусь) – «Гленавон» (Северная Ирландия) матчында төрешінің көмекшілері болып қостанайлық Санжар Ысқақов пен алматылық Александр Павлов тағайындалды. Төртінші төреші - қызылордалық Сахи.
Әзірбайжан астанасы Бакуге алматылық Александр Алиев бастаған төрешілер тобы жол тартады. «Интер» (Әзірбайжан) – КФ Лячи (Албания) матчында бас төрешіге жерлестері Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеспек. Төртінші төреші қызметі Денис Измайловке жүктелді.