Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚЫЗЫЛОРДАДА ГАНДБОЛДАН АЛҒАШ КЛУБТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

ҚЫЗЫЛОРДАДА ГАНДБОЛДАН АЛҒАШ КЛУБТАР АРАСЫНДА АЗИЯ ЧЕМПИОНАТЫ ӨТКІЗІЛЕДІ

 

Қызылордада гандболдан әйелдер арасында клубтар лигасының 1-ші Азия чемпионаты өтеді. 
Аталмыш шараны Азия мемлекеттерінің арасында алғаш болып Қызылорда облысы ұйымдастырмақ. Бұл туралы ҚР гандбол федерациясының атқарушы директоры Ранвир Абдурашитов БАҚ өкілдеріне арналған баспасөз-конференциясында баяндады.
Ранвир Абдурашитов, ҚР гандбол федерациясының атқарушы директоры:
- Гандболдан әйелдер арасындағы клубтар лигасының алғаш рет біздің елімізде өткізілуі тек Қазақстан үшін ғана емес, сонымен қатар Азия мемлекеттері үшін де үлкен жаңалық болып отыр. Бүгінгі күні бұл сайысқа Катар, Иран, Өзбекстан және Қазақстаннан жалпы саны 6 команда қатысады. Өз кезегінде жарысқа қатысушы командалардың барлығы да жеңіс жолында лайықты бәсеке көрсетеді деп сенеміз. Жалпы бұл сайыстың Азия мемлекеттері арасында алғаш боп Қызылорда облысында өткізілуі - біздің еліміздегі гандбол спортының даму қарқынының жоғарғы дәрежеде екендігін байқатады.
26 қазан – 1 қараша аралығында өтетін байрақты бәсекеде ел намысын «Алматы», «Іле» және Қызылордалық «Қайсар» командалары қорғайтын болады.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: