Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

АРАЛДА БАЛУАНДАР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

АРАЛДА БАЛУАНДАР БӘСЕКЕСІ БАСТАЛДЫ

 

Аралдағы спорттық сауықтыру кешенінде грек-рим күресінен 2001-2002, 2003-2004 жылы дүниеге келген жасөспірімдер арасында қаларалық турнир өткізілуде.
Акробатикадан қазақ жастары арасынан шыққан тұңғыш КСРО спорт шебері Дәри Құттымұратовты еске алуға арналған шараны аудандық дене шынықтыру және спорт бөлімі және  Арал ауданының ОРМБЖ мектебі ұйымдастырды. Бұл шара Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына және 1 маусым - Балаларды қорғау күні мерекесіне орай орайластырылды.
Жарыстың ашылу салтанатында Аудандық денешынықтыру және спорт бөлімінің басшысы Т. Әлжанов және марқұмның жары Амантай Құттымұратова сөз сөйлеп жарысқа қатысушыларға сәттілік тіледі.
Жарысқа жалпы 120-ға жуық жасөспірімдер қатысуда. Жарыс нәтижесі 3 маусым күні белгілі болады.

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: