Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізеді

Футболдан Қазақстан Ұлттық құрамасы Ресеймен жолдастық кездесу өткізедіҚазақстан мен Ресей футболшылары арасындағы ойын 31 наурызда Мәскеуде өтеді, деп хабарлайды Қазспорт телеарнасы.
Қазір Ресей құрамасы ФИФА рейтингісінде 31-ші орында тұр. Ресей футболшылары 27 наурызда 2016 жылы өтетін Еуропа чемпионатының іріктеу ойындары аясында сырт алаңда Черногориямен кездеседі. Ал, Қазақстан құрамасы осы турнир аясындағы матчын 28 наурызда Астанада Исландия құрамасын қабылдайды.
«Ойынды өткізуге екі құраманың да бапкерлері – Юрий Красножан мен Фабио Капелло қызығушылық танытты. Екі команда сапалы әрі қызықты ойын көрсетеді деп ойлаймын. Қазір Қазақстан да, Ресей де Еуро-2016 турнирінің іріктеу ойындарына қатысуда. Сондықтан осындай кездесулер футболшылардың жаттығуы үшін тиімді болмақ», - дейді Қазақстан футбол федерациясының президенті Ерлан Қожағапанов.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: