Қасқырлар жиын соңында қақпашы Артем Леоновпен келісімге келді.
Енді жаңа маусымда қақпашылар арасында бәсекелес артпақ. Артем өткен маусымда беларустік "Минск" командасының негізгі қақпашысы болған. Одан бөлек "Краснодар", "Мордовия", "Уфа", "Крылья Советов", "СКА Хабаровск" секілді командалардың намысын қорғаған.
Айта кетейік, Артем "Тюменьмен" өткен кездесуде 11 метрлік айып добын қайтарып, қақпасын құрғақ сақтап қалды.