Facebook VK WhatsApp Instagram

Спорт

0

ГОЛОВКИНДІ ЕКІ СОҚҚЫМЕН ЖЕҢГЕН БОКСШЫНЫ БІЛЕСІЗ БЕ?!

ГОЛОВКИНДІ ЕКІ СОҚҚЫМЕН ЖЕҢГЕН БОКСШЫНЫ БІЛЕСІЗ БЕ?!

 

Гуткнехттің айтуынша, бұл оқиға Германиядағы Chemie Pokal турнирінде болған, деп хабарлайды «Жұлдыздар құпиясы»
"Бұл жекпе-жекке аутсайдер ретінде шықтым, алайда Головкинды ұпай айырмасы бойынша жеңдім. Бұл менің бірінші кездесуім еді, ал кейін мен турнирде жеңімпаз атандым”, – деді боксшы.
Оның пікірінше, Головкинмен жекпе-жек ең ауыры болған. "Сақ болуға тырыстым. Ол өте күшті соққылар жасады. Көп қозғалуға мәжбүр болдым, бірақ екі жақсы соққы жасай білдім, осыдан кейін Головкинның соққыларына төтеп беруім тиіс болды. Геннадий – менің досым, оның қазір істеп жүргендері адам нанғысыз, мұнда мәселе оның жеңістері жайлы ғана емес, ол – машина”, – деді Гуткнехт.
Эдуард Гуткнехт Оңтүстік Қазақстан облысы Жетісай қаласында дүниеге келген. Алайда ол 11 жасында отбасымен Германияға көшіп кеткен. Бокспен 13 жастан бастап айналысқан. Кәсіпқой бокста ол 34 жекпе-жек өткізіп, оның 29-ында жеңіске жеткен, ал 12-сін нокаутпен аяқтаған.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: