Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Тарихтағы ең мықты футболшылардың есімі аталды

Атақты France Football басылымы әр уақыттағы ең мықты футболшылардан құралған қиял командасын ұсынды, деп жазады kaz.vesti.kz.
Символикалық команда қақпасында КСРО құрамасының голкипері Лев Яшин. Тарихтағы ең мықты қорғаушылар ретінде бразилиялық Кафу, ФРГ өкілі Франц Беккенбауэр және италиялық Паоло Мальдини таңдалды.
Жартылай қорғаушылар германиялық Лоттар Маттеус, аргентиналық Диего Марадона, испаниялық Хави Эрнандес пен бразилялық Пеле.
Ең мықты шабуылшылар аргентиналық Лионель Месси, бразилиялық Роналдо және португалиялық Криштиану Роналду.
Басылым бұл команданы 3-4-3 кестесі бойынша құрады. Номинация бойынша жеңімпаздарды "Алтын допқа" дауыс беруге қатысқан 140 журналист таңдады. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: