Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Қызылордалық теннисші Тәжікстаннан жүлделі оралды

Тәжікстан астанасы Душанбеде теннистен 18 жасқа дейінгі спортшылар арасында өткен халықаралық турнирде жерлесіміз Ерасыл Ерділда күміс жүлдеге ие болды.
Қазақстан құрамасы сапында ойнаған Ерасыл жекелей сында финалға дейін жетіп,  қарсыластарын айқын басымдықпен ұтты. Тек финалда ресейлік спортшыға есе жіберіп алды. 
Е.Ерділда - жасөспірімдер арасында ҚР құрама команда мүшесі, республикалық, халықаралық жарыстардың жеңімпазы және жүлдегері, Еуропа кубогының жеңімпазы, жасөспірімдер арасында ҚР чемпионы және қола жүлдегері, ұлдар арасында командалық Азия чемпионы.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: