Қызылорда облысы Қармақшы ауданының орталығы Жосалы кентінде үстіміздегі жылдың 8-9 мамыр күндері Ұлы Отан соғысындағы Жеңістің 70 жылдығына арналған Кеңес Одағының батыры Тәйімбет Көмекбаев атындағы самбодан халықаралық мемориал аяқталды. Аталмыш жарыс ҚР Мәдениет және спорт министрлігі, Қызылорда облысының дене шынықтыру және спорт басқармасы, Қармақшы ауданының әкімдігі, Т.Көмекбаев атындағы қордың ұйымдастыруымен өткізілді. Биыл қатарынан 20 жыл өткен дүбірлі бәсекеге АҚШ, Армения, Әзірбайжан, Белоруссия, Болгария, Грузия, Германия, Греция, Жапония, Иран, Ирландия, Израиль, Латвия, Литва, Моңғолия, Молдова, Оңтүстік Корея, Өзбекстан, Ресей, Сербия, Түркия, Тәжікстан, Ұлыбритания, Қырғызстан және Қазақстаннан 25 команда, 250-ге жуық самбошылар 9 салмақ дәрежесінде сынға түсті.
Жарыстың салтанатты ашылу рәсімінде сөз алған облыс әкімі Қырымбек Көшербаев аталмыш турнирдің аймақ спортының дамуына өзіндік үлес қосып отырғанын ерекше атап өтті. Халықаралық самбо федерациясының спорт директоры Дмитрий Максимов жарысқа қатысушыларды құттықтап, облыс әкімі Қырымбек Көшербаевқа Қазақстанда самбоның дамуына қосқан зор үлесі үшін халықаралық самбо федерациясының алғыс хатын табыстады. Дүбірлі бәсекеде Қазақстан спортшылары өздерінің мықтылықтарын көрсетіп, 5 салмақ дәрежесінде чемпион атанды.
Айта кетейік, 52 келі салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қармақшылық Бауыржан Райсов осы халықаралық мемориалдың қатарынан он екінші мәрте жеңімпазы атанып, жарыс демеушісі тағайындаған жеңілавтокөліктің кілтіне ие болды. Сондай-ақ, халықаралық мемориалдың «Үздік спортшы» номинациясын қарағандылық Арман Сәрсенбин мен ресейлік Михаил Полянсков иеленді.
Жарыстың екінші күні 62 түйе палуан ортаға шығып, қазақ күресінің көрігін қыздырды. Бас жүлдеге тігілген «Toyota Prado» жеңілавтокөлігін шығысқазақстандық Мұхит Тұрсынов қанжығалады. Екінші орын алған қармақшылық Еламан Ерғалиев пен үшінші орынды иеленген Моңғолия палуаны Алтангерел Даванямға темір тұлпардың кілттері табысталды. Ал төртінші орынды еншілеген өзбекстандық Одил Тулендибаев ақшалай сыйақымен марапатталды.
Самбодан халықаралық мемориалда жеңімпаз және жүлдегер
атанған спортшылар:
52 келі салмақта:
I орын Бауыржан Райсов (Қазақстан)
II орын Құрманбек Әділбеков (Қазақстан)
III орын Бағлан Ибрагимов (Қазақстан)
III орын Дидар Тұрсынов (Қазақстан)
57 келі салмақта:
I орын Акмалиддин Каримов (Тәжікстан)
II орын Қуаныш Тәтімбетов (Қазақстан)
III орын Болатбек Райымқұлов (Қазақстан)
III орын Бахтовар Каримов (Тәжікстан)
62 келі салмақта:
I орын Қайрат Жалғасбаев (Қазақстан)
II орын Кушкадам Хусравов (Тәжікстан)
III орын Асхат Пірманов (Қазақстан)
III орын Ерболат Байбатыров (Қазақстан)
68 келі салмақта:
I орын Мақсат Нұралиев (Қазақстан)
II орын Вадим Микульский (Белоруссия)
III орын Ғалымжан Әбдірахманов (Қазақстан)
III орын Нұржан Жұмажан (Қазақстан)
74 келі салмақта:
I орын Арман Сәрсенбин (Қазақстан)
II орын Темулен Саранху (Моңғолия)
III орын Руслан Жарқынбаев (Қазақстан)
III орын Михаил Водовсков (Ресей)
82 келі салмақта:
I орын Асылбек Әлкей (Қазақстан)
II орын Александр Сарайкин (Ресей)
III орын Тимофей Емельянов (Белоруссия)
III орын Қазбек Рамазанов (Қазақстан)
90 келі салмақта:
I орын Михаил Полянсков (Ресей)
II орын Мақсат Исақабылов (Қазақстан)
III орын Ерлан Конкиев (Қазақстан)
III орын Давид Григорян (Армения)
100 келі салмақта:
I орын Еркін Донияров (Тәжікстан)
II орын Аваз Тоимуродов (Тәжікстан)
III орын Нұрым Сәлімгереев (Қазақстан)
III орын Берн Бачман (Германия)
+100 келі салмақта:
I орын Владимир Гаджик (Сербия)
II орын Талғат Әмренов (Қазақстан)
III орын Бейбіт Ыстыбаев (Қазақстан)
III орын Нодар Метревели (Грузия)