Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Байқоңырдың" "Болатқа" қауқары жетпеді

"Байқоңырдың" "Болатқа" қауқары жетпедіҚызылорданың «Байқоңыр» командасы түзде Теміртаудың «Болатымен» кездесіп, 0:2 есебімен жеңіліп қалды.
«Болат АМТ» — «Байқоңыр» 2:0 (1:0)
Голдар: Азаматов 39 (1:0), Зверев 76 (2:0)
«Болат» – Бірінші лиганың көшбасшысы, Премьер-лигаға жолдама алудан басты үміткерлердің бірі. Құрамы да кілең «сен тұр, мен атайын» деген сайдың тасындай іріктелген ойыншылардан құралған. Әлбетте, «Байоңыр» сынды былтыр ғана құрылып, биыл Бірінші лигада ойнап жүрген команда үшін «Болат сияқты тәжірибелі командаға қарсы тұру қиын. Дегенмен, жерлестеріміз қарсыласының атағына қарамауға тырысып, терезесі тең қарсыласуға барын салды. Бірақ бірінші таймның аяқталуына бес минут қалғанда Евгений Азаматов есеп ашып кетіп, 76-минутта Дмитрий Зверев есепті еселеді.
Енді жерлестеріміз келесі ойынын 4 қазан күні Қызылордада турнир кестесіндегі көршісі «Екібастұзға» қарсы өткізеді.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: