Серб қорғаушысы Милан Яблан биыл Оралдың "Ақжайық" командасының құрамында ойын көрсетуі мүмкін. Қазіргі таңда ол бірінші лигада ойнайтын аталмыш команданың сынағына қатысып жатыр.
"Қайсардың" 29 жастағы бұрынғы ойыншысы 2014 жылы қызылордалық ұжымда 18 ойында жасыл алаңға шықты. Дегенмен, команда басшылығы маусым соңында оның қызметінен бас тартуға шешім қабылдады. Айта кетелік, "Ақжайықтың" қазіргі бапкері Сергей Волгин 2013 жылы бірінші лигада "Қайсардың" бас бапкері қызметін атқарып, команданың Премьер-лигаға қайта оралуына өз септігін тигізген еді.