Владимир Никитенко, «Атырау» ФК бас бапкері: Өз ойыншыларымды да әлі дұрыс білмеймін
"Атырау" командасының бас бапкері "Қайсар" мен "Атырау" командалары арасындағы ойыннан кейін тең ойынға қанағат білдіретінін жасырған жоқ.
– Қызылордаға жеңіс үшін келгенбіз. Бірақ ойынның оңай болмайтынын түсіндік. «Қайсар» жеңісті оңайлықпен бере қоймайтын қарымды команда. Жеңіліп те қалуымыз мүмкін еді. Ойынның басында және соңында алаң иелерінің гол соғатын тамаша мүмкіндіктері болды. Ал тең есепке қанағаттанамын.
– «Қайсар» сапында қай ойыншыларды атап өте аласыз?
– Мен «Қайсар» түгілі өз ойыншыларымды да әлі дұрыс білмеймін. Ойын барысында алаң иелерінің ойыншыларына қарап отыратын уақыт болмады. Оның үстіне, маусым енді басталды. Сондықтан, ойыншылардың ашылуына әлі уақыт керек.