ПОДОБЕДОВА, МАНЕЗА, ЧИНШАНЛО ЖӘНЕ ИЛЬИННІҢ АЛТЫН ЖҮЛДЕЛЕРІ КЕРІ ҚАЙТАРЫЛАДЫ
Халықаралық антидопинг қауымдастығы бүгін шұғыл алқа-қотан жиын өткізді, деп хабарлайды 24.kz.
Қатысушылар кіл ауыр атлетиканың жілігін шағып, майын ішкендер. Осыған дейін қазақстандық спортшылар жеңіп алған медальдар мәселесі бұл жолы майшаммен қаралғандай. Подобедова, Манеза, Чиншанло және Илия Ильиндердің Лондон Олимпиадасында жеңген медальдары енді қайтадан Халықаралық Олимпиада комитетіне табысталуы тиіс. Себебі олар кезінде рұқсат етілмеген дәрі-дәрмек қабылдаған-мыс. Жақын арада бұл жағдайдың анық-қанығы белгілі болып, Қазақстан тарапы ресми мәлімдеме жасайтын болады.