Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Евразия" спорт кешені қайта жаңғыртылды

Аяқталып келе жатқан жылдың қуанышты жаңалығы қайта жаңғыртудан өткізілген «Евразия» спорт кешенінің халық игілігіне берілуі. Елбасының спорт саласына деген ерекше қамқорлығының арқасында үстіміздегі жылдың өзінде Тереңөзек, Әйтеке би  кенттерінде, Шаған ауылында спорт кешендері ашылды. 

Аталмыш спорттық-сауықтыру кешені 1984 жылы салынды. 600 орындық спорттық ойын залы, бассейн, боулинг  және  атлетикалық жаттығу залы бар кешеннің өткізу мүмкіндігі 84 адам/ауысым. 
Қайта жаңғыртудан өткізілген нысанның жұмысымен танысуға облыс әкімінің орынбасары Рауан Кенжеханұлы арнайы келіп, сөз сөйледі. 
- Бүгінгі таңда облыста 2057 спорт ғимараты жүйелі түрде жұмыс жасап, аймақ тұрғындарына қызмет көрсететін спорт алаңдары мен денешынықтыру-сауықтыру кешендерінің саны жылдан жылға артып келеді. Соның бір айғағы ретінде бүгінгі облыс тарихында халық үшін аса маңызды спорттық нысанның қайта жаңғыртудан өткізілуі, өңір тұрғындарының спорттық ғимараттарға қолжетімділігін арттырады. Жасалып жатқан жұмыстардың нәтижесінде ұлттық құрама команда сапында өнер көрсететін спортшылар саны артуда. Жыл басынан бері  8 ҚР халықаралық дәрежедегі спорт шебері, 73 ҚР спорт шебері, 229 спорт шеберлігіне үміткерлер әзірленді. Облыс саңлақтары ел чемпионаттарында 543 медаль еншіледі. 173 – алтын, 143-күміс, 227-қола медаль. Азия, Әлем чемпионаттарында - 50 медаль, оның ішінде 17 алтын, 12 күміс және 21 қола медальдарды иеленіп, 295 спортшы ұлттық құрама сапына алынды, деді облыс әкімінің орынбасары Р.Кенжеханұлы. 
Сонымен қатар, «Евразия» спорт кешенінің бассейнінде жүзуден облыстық турнир ұйымдастырылып, оған 9-14 жас аралығындағы жасөспірімдер қатысты. Турнир нәтижесінде бірінші топта 25 метрге жүзуден ұлдар арасында Дархан Яхын топ жарса, 50 метрге Колесников Дмитрийдің мерейі үстем болды. Қыздар арасында 25 метрге жүзуден Айжан Байзақ бірінші орынды иеленсе, 50 метрге Даяна Федосова жеңіс тұғырынан көтерілді. Екінші топта ұлдар арасында 25 метрге жүзуден Қажымұқан Ермұратов бірінші келсе, қыздар арасында Арайлым Әбдіраман турнир жеңімпазы атанды. 
Жарыс жеңімпаздары диплом және естелік сыйлықтармен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: