Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ЖАЛАҒАШТА ЖУРНАЛИСТЕР ФУТЗАЛДАН АУДАН ӘКІМІ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ

 ЖАЛАҒАШТА ЖУРНАЛИСТЕР ФУТЗАЛДАН АУДАН ӘКІМІ КУБОГЫН САРАПҚА САЛДЫ

 

Қазақстан Республикасы Тәуелсіздігінің 25 жылдығына орай бұқаралық ақпарат құралдары өкілдерінің арасында Жалағаш ауданы әкімінің кубогі үшін шағын футболдан өткізілген турнир өз мәресіне жетті.
Бұл турнир осымен екінші мәрте өткізіліп отыр. Жалағаш ауданының басшылығы облыс аудандары бойынша журналистер арасында алғаш болып турнир ұйымдастырған еді. Бұдан кейін Қармақшы, Шиелі аудандары қолдау білдіріп, облыстағы БАҚ өкілдері жарыс көрігін қыздырды. 
Турнирде 9 команда өзара бақ сынасты. Атап айтар болсақ, облыс әкімінің баспасөз қызметі, меншікті тілшілер (Қызылорда қаласы), Сыр Медиа, Қазақстан-Қызылорда, Қоғам Тв, Сыр бойы, Жас тілшілер (Қызылорда қаласы), Жалағаш , Жаңақорған аудандары командалары алаңда тартысты ойын өрнектерін көрсетті.
Жарыс нәтижесі бойынша І орын – "Сыр Медиа" командасына, ІІ орын – "Қоғам Тв" командасына, ІІІ орын – "Жас тілшілер" командасына бұйырды.
Жеңімпаз командалар аудан әкімінің дипломдарымен, кубоктарымен және қаржылай сыйлықтармен марапатталды. Сонымен қатар, командалар арасындағы ойыншылардан «Үздік шабуылшы», «Үздік қорғаушы», «Үздік қақпашы» номинация иегерлері анықталып, ал қалған командалар аудан әкімінің «Алғыс хатымен», ынталандыру сыйлықтарымен марапатталды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: