Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ИЛЬЯ ИЛЬИН БЕЙЖІҢ МЕН ЛОНДОНДА АЛҒАН АЛТЫНДАРЫНАН АЙЫРЫЛЫП ҚАЛДЫ

 

Халықаралық Олимпиада комитеті Илья Ильиннің Бейжің және Лондон Олимпиадасындағы алтын медальдарын қайтарып алды. Бұл туралы Ұлттық Олимпиада комитетінің ресми мәлімдемесіне сілтеме жасап Baq.kz хабарлайды.
Ұлттық Олимпиада комитеті Халықаралық Олимпиада комитетінен 2008 және 2012 жылдардағы Олимпиада ойындарына қатысқан қазақстандық спортшы Илья Ильинге қатысты жаза қолданылғандығы туралы ресми хабарлама алды. Спортшының ағзасынан тыйым салынған препараттар табылған болатын.
Халықаралық Олимпиада комитетінің тәртіптік комиссиясы 2008 жылы Бейжіңде және 2012 жылы Лондонда өткен Олимпиада ойындарының жеңімпазы, 94 кг салмақ дәрежесінде өнер көрсеткен қазақстандық ауыр атлет Илья Ильиннің «А» және «В» допинг сынамаларын қосымша тексеру қорытындысы бойынша қазақстандық спортшыны сол ойындардан шеттетіп, көрсеткен нәтижелерінің күшін жойып, жүлделерін қайтарып алу туралы шешім шығарды.
Спортшыға қолданылатын жазаның мерзімін Халықаралық ауыр атлетика федерациясы (IWF) анықтайды.
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: