Бүгін 31 мамыр-саяси қуғын-сүргін құрбандарын еске алу күніне орай аудан орталығында тағзым шарасы өтті.
Көпшілік алдына шыққан аудан әкімі Р.Рүстемов: -Өсер ел өткенін ұмытпайды, барын бағалайды, тарих беттеріне алтын әріптермен жазылған текті тұлғалардың есімі мәңгілік ел жадында сақталады. Ұлты мен діні, тілі мен діліне қарамастан, мыңдаған адамдар, тоталитарлық жүйенің диірменіне түсіп, түрмелерде жазықсыз көз жұмды. Бүгінгі жас ұрпақ үшін, азат, тәуелсіз Қазақстанның әрбір азаматы үшін оларды еске алу және есте сақтау қасиетті парыз -деді.
Мұнан кейін ауданның бас имамы С.Омаров қуғын-сүргін құрбандарының рухына Құран аяттарын бағыштады. Еске алу шарасы барысында аудандық мәдениет үйі өнерпаздары сахналанған көрініс қойып, жас буынды өткенге құрмет көрсетуге үндеді.