Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Алексей Мулдаров "Шахтерге" ауысты

Алексей Мулдаров "Шахтерге" ауыстыҚызылорданың "Қайсар" командасының қорғаушысы Алексей Мулдаров биылғы жылдың соңына дейін Қарағандының "Шахтер" командасымен келісім-шартқа отырды. 
Биылғы футбол маусымының алғашқы бөлігін қызылордалық ұжымда өткізген ол 10 ойында алаңға шығып, екі мәрте қарсыластар қақпасына доп соқты. А.Мулдаров Ресейдің Владикавказ өлкесіндегі футбол мектебінің түлегі болып табылады. Қазақстан біріншілігінде 2013 жылдан бері ойнап келеді. Алғашқы екі жылда "Ақтөбе" сапында 52 кездесуде жасыл алаңға шықты. Қазақстан чемпионы атағына ие болды. Сондай-ақ, Қазақстан ұлттық құрамасы сапында 3 ойынға қатысты. "Ақтөбеге" дейін ол Ресейдің "Моздок", "Краснодар-2000", "Губкин" және "Мордовия" клубтарының жейдесін киді.
Айта кетерлігі, А.Мулдаров маусым айының басындағы екі апталық үзілістен кейін Қызылордаға қайтып оралған жоқ. Соның салдарынан "Қайсар" сапынан шығып қалды. 
 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: