Қазақстандық төрешілер Евро-2017 іріктеу турнирінде қазылық етеді
2017 жылғы жастар арасындағы Еуропа Чемпионатының іріктеу турнирінің матчына алматылық Александр Алиев бастаған қазақстандық төрешілер тобы тағайындалды.
Қазақстан футбол федерациясының хабарлауынша, Александр Алиевке алаң жиегінде жерлестері Сергей Васютин мен Самат Тергеусізов көмектеседі. Төртінші төреші - талдықорғандық Денис Измайлов.
28 жастағы Александр Алиев Премьер-лига матчтарында 2012 жылдан жұмыс істей бастады. 2013 жылы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі «Ширак» (Армения) – Тре Пенне (Сан-Марино) матчына тағайындалды.
2014 жылы Еуропа Лигасының іріктеу кезеңіндегі Зестафони (Грузия) – Спартак (Словакия) матчында қызмет атқарды. Сонымен қатар, қазақстандық төрешінің халықаралық тәжірибесінде Тәжікстан мен Малайзия құрамаларының кездесуі бар.