Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

"Қайсар" "Ертісті" тізе бүктіре ме?

 

Бүгін, 15 наурызда футболдан Премьер-лига командалары арасындағы ел біріншілігінің 3 туры ойналады. Қызылорданың "Қайсары" өз алаңында Павлодардың "Ертісін" қабылдайды.
Бұған дейін екі команда 34 мәрте жасыл алаң төрінде шеберлік байқасқан. Өкінішке орай, жерлестеріміз 8 мәрте ғана жеңіске жетсе, павлодарлық ұжым 19 мәрте жеңіс тойын тойлады. Ал 7 кездесуде тепе-тең түсті. 
Айта кетерлігі, командалар Қызылордада 17 мәрте кездесті. Қуаныштысы, соның 8-де жерлестеріміздің мерейі үстем болды. Ал 3 мәрте тең нәтиже тіркелді. "Ертіс" 6 рет жеңіске жетті. Соңғы бес ойында "Ертіс" "Қайсардан" 1 рет ғана басым түскен. 

Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: