"Қайсар" футболшылары жаңа бапкерге қандай тарту жасайды?
Тамыздың 13-і күні «Қайсар» футбол клубының бас бапкері Федор Анатольевич Щербаченко 53 жасқа толып отыр.
Федор Щербаченко Ресейдің «Кубань», «Томь», «Москва», «Балтика», «Губкин», «Мордовия», «Ротор» және Арменияның "Улисс" сынды командаларының тізгінін ұстаған. "Қайсар" командасына осы аптаның сейсенбісінде бас бапкер қызметіне келген еді. Айта кетерлігі, ол қызылордалық клубқа өзінің туған күні қарсаңында тағайындалды.
Ертең, 15 тамызда "Қайсар" өз алаңында "Таразды" қабылдайды. Футболшылар жаңа бапкердің туған күніне тарту жасай ала ма? Оны ойын барысынан көретін боламыз.