Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ФУТБОЛШЫЛАРЫ КҮРТЕШЕЛЕРІН БАЛАЛАРҒА КИГІЗДІ

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ФУТБОЛШЫЛАРЫ КҮРТЕШЕЛЕРІН БАЛАЛАРҒА КИГІЗДІ

 

Үстіміздегі жылдың 11 қазанында Астанада футболдан Қазақстан құрамасы өз алаңында Румынияны қабылдады. Бұл ойында 0:0 есебі тіркелді. Осылайша құрамамыз 2018 жылғы әлем біріншілігі іріктеу кезеңіндегі 2 ұпайына қол жеткізді.
Кездесу басталардан бұрын қызықты жағдай орын алды. Әдетте, мұндай халықаралық матчтарда футболшылармен бірге жас өрендер де ойын басталар сәтте жасыл алаңға шығады. Кеше Астана ауа-райы суық болды. Мұны байқаған құрама капитаны Самат Смақов өз күртешесін алдында тұрған баланың үстіне кигізді. 
Саматтың бұл шешімін құраманың өзге футболшылары да қуаттады. Барлығы да үстіндегі күртешелерін балаларға шешіп берді.
 

ҚАЗАҚСТАН ҚҰРАМАСЫ ФУТБОЛШЫЛАРЫ КҮРТЕШЕЛЕРІН БАЛАЛАРҒА КИГІЗДІ

 

 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: