Facebook WhatsApp Instagram

Спорт

0

Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA турнирінде үшінші кезеңніе жолдама алды

Қазақстанның бірінші ракеткасы Елена Рыбакина Абу-Дабидегі WTA турнирінде үшінші кезеңге өтті деп хабарлайды Olympic.kz.
Екінші айналымда Рыбакина қытайлық Сиюй Ванмен кездескен болатын.  
1 сағат 34 минутқа созылған кездесуде қазақстандық спортшы қарсыласын 2:0 (6:4,6:4) есебімен ұтты.  
Келесі айналымда Елена Рыбакина ресейлік Дарья Касаткинаға қарсы кортқа шығады. Кездесу 10 қаңтарға жоспарланған.  
Сондай-ақ, ертең тағы бір қазақстандық теннисші Юлия Путинцева америкалық Софья Кенинмен кездеседі. 
Пікір қалдыру

Сіз робот еместігіңізді растаңыз - [] *: