«Қайсар» футбол клубы қысқы маусым аралық үзілістегі үшінші оқу-жаттығу жиынын өткізу үшін Түркияға аттанып кетті.
Анталияда Дмитрий Огай шәкірттері төрт жолдастық-бақылау кездесуін өткізбек. 29 қаңтарда Украинаның Запорожье қаласының намысын қорғайтын «Металлург» командасымен кездессе, Арменияның «Улиссіне» қарсы алаңға шықпақ. Одан кейін ақпанның 5-і күні Донецкінің «Металлургімен» шеберлік байқассақ, осы жиындағы соңғы қарсыласымыз ретінде Болгарияның «Хасковосы» таңдалып отыр. Дегенмен, 8 ақпан күні өтетін бұл ойында қарсыламыздың өзгеруі де ғажап емес.